Банктер тұтынушыларға қашықтықтан қызмет көрсетпек

Сол себепті банктер қаржы секторындағы тұтынушыларды қашықтықтан идентификациялау (анықтау) тетігін енгізбек.

“Ұлттық банк қазір осы мәселені қарап жатыр. Қазірдің өзінде Жұмыс тобы тұтынушыларды аутентификациялау процесін жасауда”, – деді ҚР Ұлттық банкінің Төлем жүйесі департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

Департамент директорының айтуынша, тұтынушыларды идентификациялау кез келген қаржы ұйымы үшін маңызды мәселе. Сол үшін бүгінде банктер қызмет көрсету үшін тұтынушыларды бөлімшеге келуге міндеттейді.

Жаңа жүйенің арқасында банк қызметтерінің саны да арта түспек.

“Қазіргі таңда банктердің қашықтықтан анықтау жұмыстарын қалай жүргізетіні шешіліп жатыр. Мүмкін, бұл тұрғыда “Азаматтарға арналған үкімет” те қосылуы ғажап емес”, – дейді Ерлан Ашықбеков.

ДереккөзNaryk.kz