Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қаза болуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандасыңыз қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін. Зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектеспін, – делінген хабарламада.