Алматы облысының Қарғалы ауылында су құбыры жарылып, тұрғындар ауыз сусыз қалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Әкімдіктің мәліметінше, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Жеңіс саяжайын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырында ақау шыққан.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9:00-да Қарғалы ауылындағы барлық абонентке су беру өшірілді. BeyAzh Trans компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12:00-ге дейін аяқтау жоспарда, — делінген хабарламада.