Sergek интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейді. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Талдау бойынша, биыл автокөлік дөңгелектерінің астында 556 жаяу жүргінші қаза болды, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде. Жүргізуші тәртібін арттыру өліммен аяқталған жол апаттарының азаюына ықпал етеді, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес «Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу» тіркеледі. Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды.
Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.
Біздің интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтайды. Жаңашылдықтардың бірі – жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу, – деді Ақтоты Боранова.
Сонымен қатар интеллектуалды жүйе пилоттық режимде жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарының жолаушыларында бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты бұзушылықтарды тіркейді.