Басты бетҚоғамТүркістан қаласындағы...

Түркістан қаласындағы мамандандырылған соттар арасында зияткерлік интеллектуалды ойыны өткізілді

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша: Түркістан қаласындағы мамандандырылған соттар арасында зияткерлік интеллектуалды ойыны өткізілді.

Іс-шараға Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің, Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сот әкімшісінің, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің, Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сот әкімшісінің сот қызметкерлері қатысты.

Сайыс шарттарына сай ойын 4 турдан тұрды, ойынға қатысушы командалар ретінде 4 топ құрылды, топтар 4 соттың 4 қызметкерінен құрылды.

Жалпы ойынның мақсаты қызметкерлерлің ой-өрісі мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жаңашылдық, шапшаң ойлауға баулу, құқықтық сауаттылықтарын жетілдіре отырып, білімдерін тереңдету.

Өзара бақ сынасқан «Фемида», «Әділет», «Адал» «Тәуелсіздік» командалары тапқырлық пен шапшаңдық қабілеттері бойынша сынға түсті. Әділ қазы мүшелері өз бағаларын беріп, жеңімпаз ретінде танылған «Фемида» тобына және жүлделі орын алған командаларды сый-сыяпатпен марапаттады.

Іс шараны ұйымдастырып, өткізген Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің қызметкерлеріне судьялар мен сот қызметкерлері өз алғыстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.

Алдағы уақытта да осы тектес маңызды әрі пайдасы бар іс шаралар облыс деңгейінде ұйымдастыру қажеттігі туралы ұсыныс айтылды.