Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаңа...

Алматыда жаңа үш саябақ салынады

Алматыда жаңа үш саябақ құру жоспарда бар. Бұл туралы қалалық экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады.

Биыл ауданы 64,8 гектар болатын алты қоғамдық кеңістік абаттандырылды: Оқушылар сарайы, ҚБТУ, Байсейітова көшесі, Желтоқсан саябағы, Көкмайса ықшамауданы, әуежайдың даңқ алаңы.

2024 жылы Сайран көлінде жаңа жасыл қоғамдық кеңістік құрылып, жұмыс 2025 жылы аяқталады.

Өжет, Кемел ықшамаудандары мен Боралдай өзенінің бойында жаңа үш саябақ салу қарастырылып жатыр. Сонымен қатар қолданыстағы үш саябақ аймағын — Баум тоғайы, ҚР тұңғыш президенті саябағы мен Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңартып, абаттандыру жоспарда бар. Нәтижесінде 2022-2023 жылдары саябақ аумақтарының ауданы 397 гектардан 977 гектарға дейін кеңейтіліп, 2024 жылы 1 080 гектарға дейін ұлғайтылмақ, — делінген хабарламада.