2018 жылы негізі қаланған «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіреді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын жыл сайын 72 миллион бақылау-индикатор пломбалары мен өздігінен жабысатын лейблдер, сонымен қатар мал шаруашылығында қолданылатын 24 миллион дана сырға шығарады.
«Универсал» ЖШС компаниялар тобына кіретін «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» полипропилен қаптарын шығаратын зауытты, сонымен бірге Қазақстанның өзге де өңірлерінде крахмал және крахмалдың қантқа айналып үлгермеген түрін өндіретін ірі өндіріс орнын басқарады.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының Шардара қаласында жүгері дәнін терең өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Зауыттың қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды.
Компаниялар тобы 80-нен астам өнім түрін шығарады. Мұнда 3400 адам жұмыс істейді. Салынған инвестиция көлемі – 60 миллиард теңге.