Алматының Түрксіб ауданында жыл соңына дейін жеті бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімі Бақытжан Ақжаров мәлімдеді.
Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, жаңа қоғамдық көліктер №8, 13, 17, 38, 46, 47, 69, 130 бағдарларға шығады.
Түрксіб ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Қайрат шағынауданынан Райымбек метро станциясына дейін №9 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бағытта барлығы сегіз автобус жүреді, — деді Бақытжан Ақжаров.
Оның айтуынша, 2024 жылы балаларды шалғайдағы шағынаудандардан тасымалдайтын «Мектеп автобусы» жобасы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында жеті мектеп автобусы бар. Олар ауданның бес мектебінен – №20, 32, 162, 115 және 89 балаларды тасымалдайды.