Басты бетҚоғамҮйленіп жатқан...

Үйленіп жатқан жігіт пен оның досына шара қолданылды

Әлеуметтік желіге мониториң жүргізу кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар ілікті. Онда жас жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны бейнеленген. Осы бейнежазба негізінде полицейлермен анықтау шаралары атқарылды.

Нәтижесінде оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жасар тұрғыннан түсініктеме алынып, оның қолындағы сигналдық зат болып шықты. Осы бойынша жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.
Сонымен қатар жол ережесін бұзған жүргізушілердің де жеке басы анықталып, жауапқа тартылды. Оның ішінде «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал «HYUNDAI SANTA FE» көлігіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара көрілді. Оған қоса «MERCEDES-Benz» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілігі қаралды.