Түркістан облысының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына қоғамның назарын аудару, зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр.
Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері, Түркістан қаласының басқа да мүдделі органдар мен жұртшылықты тарта отырып, халықтың кеңседе кездесу өткізді. Онда мамандар келушілерді қызықтырған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.
Бұл акцияға облыстың 10-ға жуық тұрғыны қатысты, олар тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша, құқықтық кеңестер беріліп, отбасын қалай сақтау керектігі туралы айтылды. Акцияны ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нысандары мен салдарын анықтап, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мен қолдаудың қолданыс тетіктерңн арттыруға ықпал етеді. Өз құқықтары туралы, үй агрессорына қалай әсер етуге болатындығы туралы кеңірек білуге көмектеседі.
Сондай-ақ, осындай іс-шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылуда, онда тәртіп сақшылары тұрғындардың қатысуымен флешмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және заңнаманы түсіндіре отырып, дағдарыс орталықтарының байланыстары мен Сенім телефондары бар ақпараттық жадынамалар таратуда. Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тексеруде. Түркістан облысының полицейлері егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, ана мен балаға қауіп төніп тұрғанын байқасаңыз, 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.