Басты бетЖаңалықтарАяз, бұрқасын:...

Аяз, бұрқасын: Түркістан облысында жолдар жабылып, мектептер онлайнға көшті

Түркістан облысының таулы аймақтарында бұрқасын жел басталып, ауа райы күрт өзгерді.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде өңірдегі Бәйдібек пен Түлкібас аудандарын байланыстыратын жол, «Батыс-Еуропа — Батыс-Қытай» трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабық. Кей жерлерді қалың қар басып, жолдарды мұз қатқан.

Тәртіп сақшылары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үздіксіз қызметті жалғастырады және тұрғындарға ұзақ жолға шықпауға кеңес береді, — делінген хабарламада.

Аязға байланысты бірнеше ауданда мектептер онлайн оқытуға көшті. Созақ, Ордабасы, Кентау қалаларында бастауыш класс оқушылары қашықтан оқып жатыр.