Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы жемқорлық үшін сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 соты Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жаныспаев бес жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сонымен қатар мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.