Басты бетЖаңалықтарАлматыда ақылы...

Алматыда ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Алматының Алмалы ауданында 11 желтоқсаннан бастап минуты үшін төлем жасалатын ақылы тротуар тұрағы жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, Алмалы ауданында 27 аймақ, 6 504 тұрақ орны, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 454 тұрақ орны бар.

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін. Бір сағаттың құны 100 теңге. Уақытты есептеу көлік құралының тұрақ аймағында тоқтаған сәтінен басталады. Тұрақ ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет, — делінген хабарламада.

Тұрақ орны үшін алдын ала төлеуді келесі тәсілдермен жүргізу қажет:

  • «парковки Алматы» мобайл қолданбасы арқылы. Бұл қолданбаны Play Market немесе Apple Store арқылы телефонға жүктеуге болады;
  • almaty-parking.kz сайтында;
  • Kaspi.kz мобайл қолданбасы арқылы ақпараттық тақталардағы QR-код бойынша;
  • kassa 24 терминалы;
  • Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберіп төлей алады. Төлеу үшін тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін, көлік нөмірін және «*» белгісі арқылы сағат санын көрсету керек. Мысалы, 6021*123ААА02*1.

«Алматыпаркинг» КМК-да екінші деңгейлі банктер (Halyk bank, Centercredit, RBK, Jusan және Forte bank) арқылы QR-төлемді ықпалдастыру арқылы төлем тәсілдерін арттыру мүмкіндіктері белсенді түрде әзірленіп жатқанын хабарлады.

Тротуар үлгісіндегі тұрақтар басқа аудандарда кезең-кезеңімен іске қосылады. Бұзушылықтар автоматты режимде, мобайл кешендермен (арнайы авто) тіркеледі. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 3 АЕК құрайды (ҚР 597-бабы, 4-1-б.). Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеледі. Алматының ақылы тұрақ аймағының шекарасында көлік құралдарын тегін қою құқығына жеңілдік санаты бар азаматтар ие, — делінген хабарламада.

Өтініштер «eOtinish» сервисі арқылы онлайн, Almaty-parking.kz сайты арқылы немесе Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бәйсейітова көшесі, 40, н.л.71, 5 кабинетте қабылданады.

Байланыс орталығы: +7 (727) 390-8000 күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.