Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 сорғы станциясында апат болды. Бұл туралы Теміртау әкімдігі өкілдері мәлімдеді.
Станцияның қазандық агрегаттары резерв отыны — мазутқа көшірілді.
Жедел штаб құрылды. Қазір температура кестесі теңестіріліп жатыр. Техникалық бұзылыстарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта қазандық қондырғысы іске қосылды, қажет жабдықтар мен станцияның отын қоры мол.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.