Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Палестинаға...

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Палестинаға жалпы көлемі 38 тоннадан гуманитарлық жүк жіберді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сонымен қатар «СК-Фармация» ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, тізімде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.

Гуманитарлық жүкті төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің күштері тиеді. Жүк «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдеріне беріледі.