Басты бетЖаңалықтарЕкібастұз жылу...

Екібастұз жылу электр орталығындағы құбырда апат болды

10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС компаниясы ақау сағат 05:30-да ретке келтірілгенін мәлімдеді.

Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Қазір станцияда 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын бірнеше сағат ішінде қазандық сорғы стансасын іске қосу жұмыстары аяқталып, содан кейін көмірмен жұмыс істейтін ыстық су қазандықтары кесте бойынша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлады.