Оңтүстік мегаполисте қар жауып, жаяу бұрқасынның жүруіне байланысты Алматы — Қорғас тас жолының бір бөлігі жабылды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 2023 жылғы 9 желтоқсанда сағат 02:00-ден бастап ауа райының нашарлауына, яғни қар жауып, боран соғуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Қорғас» тас жолында 24-254-ші шақырымдары, яғни Өтеген батырдан Айдарлы ауылдарына дейінгі аралық көліктің барлық түрлері үшін жабық.