«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы белгілі болды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа иесі кім екенін мәлімдеді.

Теміртаулық кәсіпорынның жаңа инвесторы – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев.

28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 миллиард доллар инвестиция құюы керек екенін мәлімдеген еді.

Еске салайық, 28 қазан күні түнгі сағат 02.33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт тұтанып, артынан жарылыс болды. Жер астында жұмыс істеп жатқан 252 кеншінің 206-сы өз бетімен жоғары шықты.

31 қазан күні 45 кеншінің денесі және қаза болған 46-шы адамның дене бөлшектері табылды.