Түсірілім тобы бір апта бойы Алматы облысы Панфилов ауданындағы ірі құрылыс туралы материал жинақтады. Енді шөлді жерде крандар көтеріліп, ричстакерлер (контейнерлермен жұмыс жасайтын жүк тиегіштер) жүріп тұруда, Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері келіссөз жүргізуде, мыңдаған туристер тауар сатып алып, тауарлық пойыздар өтіп жатыр.
«Бұл фильмде Жаңа Жібек жолындағы құрылысты ғана емес, Қорғастың тіршілігін көрсеткіміз келеді. Сондықтан, адамдардың өмірі туралы, мұндағы өзгерістердің олардың өміріне қалай әсер еткендігін естігіміз келеді», — деп атап өтті жоба жетекшісі Крис Вест.