Басты бетЖаңалықтарАяз, көктайғақ:...

Аяз, көктайғақ: 8 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.