Басты бетЖаңалықтарСозақ аудандық...

Созақ аудандық сотының ұйымдастыруымен мектепте семинар өтті

Созақ аудандық сотының ұйымдастыруымен «Медиация және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында «Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат лицейінде» семинар өткізілді.

Семинарға Созақ аудандық сотының төрағасы А.С.Дәуренбеков, аудан прокуроры Е.Б.Қожабеков, Созақ АПБ-нің жергілікті полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Қ.Мусалимов, мектеп директоры А.Өтебаев, медиатор Г.Д.Дуйсенбаева, сондай-ақ аталған мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Семинарды сот төрағасы А.С.Дәуренбеков ашып, онда жиынға қатысушыларға Медиация ұғымын түсіндіріп, медиациялық келісімнің екі тарапқа да тиімді шешім екендігіне тоқталды.

Іс-шарада сөз алған жергілікті полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Қ.Мусалимов өз кезегінде кәмелетке толмағандар арасында орын алып жатқан құқық бұзушылықтарға тоқталып, онда жастардың түнгі уақыттарда бей берекет жүруі құқық бұзушылыққа әкеп соғатынын түсіндірді.

Сондай-ақ, медиатор Г.Дуйсенбаева «Медиацияның қоғамдағы орны» тақырыбында баяндама жасап, онда медиацияның артықшылықтарымен, тиімділігін, маңызыдылығын атап өтті.

Іс-шараны қортындылау барысында аудан прокуроры Е.Б.Қожабеков оқушыларға «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп айтып, оларды тәртіпті сақтап, құқық бұзушылық іс әрекеттерді жасамауға шақырды.

Мектеп директоры А.Өтебаев өткізілген семинардың оқушылар үшін маңызы зор екендігін атап өтіп, алдағы уақытта да осындай тәрбиесі зор, маңызы бар семинарларды жиі өткізіп отыру жөніндегі пікірін білдірді.

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын қортындылап, пікірлер алмасты.