Жинақтағы қаражат сомасын білудің түрлі жолдары бар.
Мобильді қосымша
Android, iOS және Windows Phone операциялары бойынша смартфондар мен планшеттерге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары әзірлеген ақпараттарды мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар.
Электронды пошта
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтініште көрсетілген электронды пошта бойынша да ақпараттар алуға болады. Қажет десеңіз, мекен-жайыңызға пошта арқылы жібереді.
Демек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты жан-жақты және толық ақпарат алуға мүмкіндік бар деген сөз. Осы арқылы әркім өз зейнетақы шотындағы деректерді тексере алады. Сондай-ақ, ай сайынғы жарнаның аударылуын да осылай бақылауға болады.
Жинақталған қаражатты қай уақытта және қанша мөлшерде алуға болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша төлемдер заң шеңберінде орындалады. Салымшы зейнеткерлікке шыққан кезде жинақтаушы зейнетақы шотынан 844 440 теңгені алуға мүмкіндігі бар. Егер шотындағы қаржы бұдан көп болса, оны тиісті тәртіппен бірте-бірте алады. Бұл ең төменгі зейнетақының 30 есе мөлшері. Егер салымшы қайтыс болған жағдайда оның жинаған жарнасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сай мұраға қалдырылады.