Басты бет Жаңалықтар Президент «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Президент «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Фото: Аkorda.kz
Мемлекет басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Аталған бастама қолға алынғалы бері өңір бойынша 1 471 жобаға 6,6 миллиард теңге көлемінде несие берілген. Сонымен қатар биыл қыркүйек айында қосымша 12,5 миллиард теңге қаржы бөлінген.

ауыл өнімі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына бағдарлама аясында аймақтағы 209,8 гектар алқапқа көкөніс және бақша дақылдары егіліп, жалпы аумағы 1 гектардан асатын 77 шағын жылыжай салынғаны туралы айтылды.

Exit mobile version