Басты бет Жаңалықтар Мемлекет басшысы Финляндия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Финляндия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Саули Ниинистёні және фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сіздің еліңіздің гүлденген мемлекет құру, жаһандық бейбітшілікті, климат мәселесін және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісіндегі орасан зор жетістіктеріне сүйсіне қараймыз. Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі. Сонымен қатар біз энергетика, инвестиция, «жасыл» өсім және басқа да көптеген сала бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз, – делінген жеделхатта.

Exit mobile version