Басты бетЖаңалықтарПрезидент "Ауыл...

Президент «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Мемлекет басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Аталған бастама қолға алынғалы бері өңір бойынша 1 471 жобаға 6,6 миллиард теңге көлемінде несие берілген. Сонымен қатар биыл қыркүйек айында қосымша 12,5 миллиард теңге қаржы бөлінген.

ауыл өнімі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына бағдарлама аясында аймақтағы 209,8 гектар алқапқа көкөніс және бақша дақылдары егіліп, жалпы аумағы 1 гектардан асатын 77 шағын жылыжай салынғаны туралы айтылды.