Басты бетЖаңалықтарАлматы көшелерінде...

Алматы көшелерінде жолақ ені қысқаруы мүмкін

Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ көбейіп, жаңа веложолдар пайда болады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев айтты.

Оның айтуынша, қоғамдық көлік пен велосипедшілерге басымдық беру үшін көлікке арналған жолақтың енін қысқарту жоспарланған.

Алматы үшін арнайы техникалық шарттарды әзірлеп жатырмыз, осы мәселені де қамтығымыз келеді, сонымен қатар жолақтың енін қысқартуды ұсынамыз. Қазір оның ені көліктер үшін — 3,5 метр, қоғамдық көліктер үшін — 4 метр. Көптеген елде жолақтардың өлшемі — сәйкесінше 2,7 және 3,1 метр. Қаламыз үшін де осындай параметрді көздеп отырмыз. Содан кейін таңба сызуды өзгерте аламыз, жолда бос жерлер қалады, онда біз қоғамдық көліктер мен веложолдарға арналған жолақтарды жабдықтаймыз, — деді Сағындық Телібаев.