Басты бетЖаңалықтарПрезидент қазақстандық...

Президент қазақстандық еріктілерге қолдау көрсететінін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Халықаралық волонтер күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазылған құттықтауда.