Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер 5-7...

Синоптиктер 5-7 желтоқсан күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

Осы аптада еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон және онымен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінде болады. Жаңбыр және қар жаууы мүмкін.

6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қатты қар, көктайғақ, бұрқасын болжануда, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша ауа температурасы күрт төмендейді:

  • батыста, орталықта және шығыста – түнде 10-18 градус аяз;
  • солтүстік-батыста және солтүстікте – 25-33 градус аяз;
  • оңтүстікте – минус 5-13 градус.

Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.