Алматыда «Newsky Award 2023» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда БАҚ өкілдері мен блогерлер арасындағы «Newsky Award 2023» халықаралық сыйлығының финалистері марапатталды. Baribar.kz порталының журналисі Айшолпан Керім де жеңімпаздар қатарына кірді.

Іс-шараға дипломатиялық миссиялардың елшілері мен басшылары, діни өкілдіктер, медиа тұлғалар, мәдени қайраткерлер, белгілі отандық және шетелдік журналистер қатысты.

Newsky Award  сыйлығының мақсаты — талантты журналистер мен үздік материалдардың авторын анықтау және олардың сыртқы саясат пен аймақаралық келісім, мәдени және рухани құндылықтар, қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін қайырымдылық пен әлеуметтік қызмет мәселелерін жария етудегі сіңірген еңбегін көтермелеу.

Фото: «Newsky Award» сыйлығының ұйымдастыру комитеті

Медиа-сыйлық теледидар, баспасөз, радио және электрон БАҚ қызметкерлеріне, блогерлерге үздік материал үшін тақырыптық аталымдар бойынша тапсырылады. Newsky Award сыйлығының жаһандық миссиясы көпұлтты Қазақстанда және бүкіл әлемде гуманизм, тату көршілік пен келісімді өмір сүру құндылықтарын, мәдениеттер мен конфессиялар диалогын қолдауға негізделген.

Үздік журналистік жұмыстар қазылар алқасы мүшелерімен www.newskyaward.org сайтына келіп түскен 4000-нан астам өтінімнің арасынан таңдап алынды. Сыйлыққа қатысуға өтінім Қазақстанның ұлттық және аймақтық БАҚ-тарынан, шетелдік медиа ұйымдардан, жас журналистер мен танымал блогерлерден, соның ішінде Италия, Франция, Түркия, Хорватия, Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Испания, Қытай, БАӘ және Орталық Азия елдері тілшілерінен де қабылданды.

Салтанатты шарада алты аталым бойынша жеңімпаздар марапатталды:

  • Үздік жас журналист:
    Жұмахан Нұрлыхан, «Ұлан» газеті
  • Әлеуметтік желідегі үздік блог авторы:
    Бекбаева Майя, Youtube.com
    Александр Цой, Facebook.com
    Смағұлов Асылан, Tiktok.com
  • Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал:
    Смағүлов Әсет, Orda.kz
    Романова Мария, Manshuq.com
    Serkan Ocak, Deutsche Welle, Түркия
  • Сыртқы саясат және аймақаралық диалог туралы үздік материал :
    Ежелев Николай, Zakon.kz
    Бұхарбаева Асима, Qazaqstan TV
    Айшолпан Керім, Baribar.kz
  • Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар туралы үздік материал:
    Виктория Абдурахимова, Gazeta.uz, Өзбекстан
    David Arnholm, Folketidende.dk, Дания
    Barbara Strbac, Nova TV, Хорватия
  • Руханият туралы үздік материал&
    Цой Алексей, «Бірінші арна»
    Сералы Гүлшат, Astana-akshamy.kz
    Свич Светлана, Inkaraganda.kz
    Melinda Miceli, CorrierePL.it, Италия
    Бикинеева-Тюлебаева Карина, Bizmedia.kz
    Нидерер Игорь, Elkrk.kz

«Newsky Award 2023» сыйлығының аясында арнайы аталымдар бойынша да жеңімпаздардың есімі жарияланды:

  • Үздік видео:
    Ашилова Мадина, Turan TV
  • Редакцияға арналған сыйлық
    Nur.kz
    Zakon.kz
    Tengrinews.kz
Фото: «Newsky Award» сыйлығының ұйымдастыру комитеті

«Newsky Award» халықаралық медиа-сыйлығы кәсіби шетелдік және қазақстандық журналистерге, жас журналистер мен әлеуметтік желілердегі блог авторларына беріледі. Сыйлықты United Charity Projects Evolution қоғамдық қоры мен Қазақстан журналистика академиясы ұйымдастырады. Сыйлық биыл қатарынан үшінші рет беріліп жатыр.