«Іскерлік ахуал» зерттеуі кезінде кәсіпкерлер өңірлердегі сыбайлас жемқорлық деңгейі мен жемқорлықтың мемлекеттік органдарда таралуын бағалаған. Осылайша, респонденттер «ең жемқор» органдардың қатарына кеден, экономикалық тергеу және көлік инспекциясы қызметін жатқызды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы параның орташа мөлшері де анықталды. Айта кететін болса, пара көлемі кеден органдарында ол – 120 мыңнан 486 мың теңгеге дейін, экономикалық тергеулер қызметінде – 165 мыңнан 632 мың теңгеге дейін, көлік бақылауы органдарында 85 мыңнан 314 мың теңгеге дейінгі аралықта.