Басты бетЖаңалықтарАлматы метрополитенінде...

Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды

Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейтілді. Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсетеді, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданған. Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.