Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында мектеп оқушылары жаппай төбелесті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқушылардың төбелесі әлеуметтік желіде тараған. Оқиға 29 қарашада болған.
Тексеру барысында 9-класс оқушысы мен 2007 жылғы 10-класс оқушысы арасында келіспеушілік туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды, — делінген хабарламада.
Тергеу әрекеттері басталды. Қазіргі күні оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар төбелескен жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал төрт оқушы жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат жалған. Балалардың барлығы дін-аман, үйінде, — делінген хабарламада.