Басты бетЖаңалықтарОралда халықаралық «Арманда» бизнес форумы өтті

Оралда халықаралық «Арманда» бизнес форумы өтті

Батыс Қазақстан облысында маңызы жағынан айрықша халықаралық деңгейдегі «Арманда» бизнес форумы өтті. Бұл шараға рухани дем беруші белгілі медиаменеджер, меценат Арман Даулетияров.

Оралдағы форумға Арманмен бірге даңқты балуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ислам Байрамуков және танымал айтыс ақыны Жандарбек Бұлғақов қатысты.

Соңғы рет Оралда 2009 жылы болған едім. Бүгін шаһардың жақсы жағына қарай өзгерген келбетіне қарап, өте риза болып тұрмын, — деді Ислам Байрамуков жергілікті спортсүйер қауыммен кездесуде.

А,Даулетияровтың өзі Оралда жиырма жылға жуық уақыт болмаған екен.

Батыс Қазақстан өңірі мен үшін ыстық өлке. Себебі, менің анам Қаратөбе ауылының Қоскөл ауылында дүниеге келген. Руы байлы алаша. Сондықтан, мен нағашы жұртыма келіп отырмын. Ыстық ықылас, кең пейілмен қарсы алған ағайындарға айтар алғысым шексіз, — деді Арман халықпен кездесу барысында.

«Арманда» форумын ұйымдастырушыларды өңір басшысы Нариман Төреғалиев қабылдап, қонақтарға қош келдіңіз айтты.

Батыс Қазақстан облысына қош келдіңіздер. Біздің өңірдің ерекшелігі Ресейдің бес облысымен шектесеміз. Оралдың өзі тарихы терең көне шаһар. Қалада саяхатшылардың қызығушылығын тудыратын көптеген сәулет ескертіштері орнатылған. Жайық өңірі өзінің Мәншүк Мәметова, Хиауз Доспанова сынды қаһарман ұл-қыздарымен, әйгілі ақын, жазушыларымен, күміс көмей әншілерімен, көрнекті саясаткерлерімен мақтанады. Сіздерге жоспарлаған шараларыңыз сәтті өтсін деп тілек білдіремін, — деді Нариман Төреғалиев.

Арман Дәулетияров облыс әкіміне «Арманда» форумының мақсаты туралы әңгімелеп берді.

Біздің форум екі маңызды мақсатты көздейді. Біріншісі – әлеуметтік. Ол үшін менің әріптестерім кеше қаладағы әлеуметтік нысандарды аралады. Спортшылармен, қоғамның түрлі өкілдерімен жүздесті. Екінші масатымыз – өз парақшаларымыз арқылы біз өңірдің туристік әлеуетін басқа мемлекеттерге таныстырып, жарнамалаймыз. Осы бағытта бізге қолдау білдіргеніңіз үшін сізге үлкен рахмет, — деді А.Даулетияров.

Түсткен кейін спикерлер шаһардағы «Атамекен» өнер ордасында форумға қатысушылармен кездесіп, ашық пікір алмасты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да