Эйфель мұнарасы жанындағы Гренель жағалауы ауданында пышақ пен балға ұстаған ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасап, салдарынан германиялық турист қаза болды.
Бұл туралы Euronews хабарлады.
Қаскөйді полиция қолға түсіргенше ол тағы екі адамды жарақаттап үлгерді.
Лаңкес «Аллаху акбар» деп айғайлаған. Ол ұсталды. Француздық БАҚ мәліметінде, оның жасы 26-да, Франциядағы ирандықтар отбасында дүниеге келген. Бұған дейін лаңкестік әрекет ұйымдастырғаны үшін төрт жыл қамауда болған. Ұсталғаннан кейін полицияға берген жауабында «Ауғанстан мен Палестинада мұсылмандар қаза болып жатқанына көндіге алмайтынын» айтып, Францияны Израильге көмектеседі деп айыптады, – деп жазады Euronews.
Қаза болған ер адам – Филиппинде дүниеге келген Германия азаматы. Франция президенті Макрон шабуылды лаңкестік әрекет деп атады.