Басты бетЖаңалықтарАстанада аты...

Астанада аты шулы кәсіпкердің моншасы өртенді

Астанада элиталық монша кешені өртенді. Ол кәсіпкер Александр Орловқа тиесілі болатын.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ағаштан жасалған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры жанған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт «Орловские бани» моншасының 150 шаршы метрін шарпыған. Өрт сағат 22:06-да сөндірілді. 14 қызметкер мен 3 бірлік техника шықты», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.