«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жастарға осы жылдың соңына дейін 55 ипотекалық несие беріледі.
Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.
Ведомство тұрғын үй бағдарламасын қолдау қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жалғасып келе жатқанын атап өтті.
Бюджеттен қосымша 965 миллион теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді, — деді Қанат Сухамбеков.
Биыл «Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш берген.