Көлік министрлігі ақылы жолда жүру ақысын төлемегендерге айыппұл қашан салынатынын түсіндірді.
Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы жолмен жүру ақысын күнтізбелік жеті күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салады. Осы ретте төлем жасаудың 20-дан астам әдісі бар.
Атап айтқанда, QAJ mobile қолданбасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы. Сегізінші күні әкімшілік құқық бұзу кодексінің 628-бабына сәйкес айыппұл есептеледі.
Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері — 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін — 10 АЕК (2023 жылы 1 АЕК көлемі — 3 450 теңге).
Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы жолдың ақысын уақтылы төлеуі керек. Сонымен бірге берешегі бар автокөлік иелерін тарифке сәйкес қарызын өтеуге шақырамыз, — делінген хабарламада.