Қазақстан шекарашылары жыл басынан бері 30 823 құқық бұзушыны ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Шекара қызметі биыл қараша айында құзыретті органдармен бірге Қазақстан заңнамасын бұзған 5 820 адамды ұстады, — делінген ведомствоның хабарламасында.
Оның 28-і шетелдіктер: 11-і қырғызстандық, 9-ы Өзбекстан азаматы, 7 пәкістандық және бір адам Ресей азаматы.
Тағы 19 шетелдік Қазақстан шекарасын бұзу кезінде ұсталды. Олардың ішінде алты Өзбекстан азаматы, төрт ауған, төрт Йеменнен келген заңсыз мигрант, үш сириялық және бір Тәжікстан мен бір Сьерра-Леоне азаматы бар, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҰҚК мәліметі бойынша қараша айында шекарашылар 858 рет мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісінің алдын алды.
Жалпы салмағы 493 грамм болатын есірткіге қатысты 51 факт, қару-жарақ, оқ-дәрілер бойынша 17 факт, діни әдебиет – 18 факт, құны 26 млн болатын 360 жанар-жағар май фактісі анықталды, — дейді ведомство мамандары.
858 миллион теңгеден асатын халық тұтынатын тауарларды алып өтудің 343 фактісі анықталды. Ал валютаға қатысты жалпы сомасы 760 миллион теңгеден асатын 69 фактінің алдын алған.
Каспийде шекарашылар 26 мәрте браконьерлерді тоқтатты.
Шекарашалыар 252 миллион теңге залалдың алдын алды. Материалдар құқық қорғау және сот органдарына берілді, — делінген хабарламада.