Оралдық науқасқа құны 3 миллион теңгенің отасы тегін жасалды

Жуырда Батыс Қазақстан облысы ШЖҚ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК-де тұңғыш рет бел жарақатын алған пациентке МӘМС аясында тегін ота жасалды.

Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ хабарлады.

Құны 3 миллион теңге көлімінде болатын “омыртқалардың транспедикулярлы фиксациясы” отасы «Облыстық көпбейінді аурухана» нейрохирургы Бекежан Трайсовтың жетекшілігімен сәтті өтті.

Күрделі отаға Бекежан Траисовпен қатар нейрохирургтар Айбек Ахатов, Ескелді Жөкенов, Жайдар Сапарғали және анестезиолог-реаниматолог Мирболат Жұмағұлов сынды ақ халаттылар қатысты.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қалыпты, отадан кейінгі кезеңге сәйкес келеді, — деді аталмыш отаны жасаған дәрігер Бекежан Траисов.

Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өтуге мүмкіндіктері бар.