Астанада 2 000-нан астам жұмысшы қар күреуге шықты

Елордада қыс мезгілі басталып, қалың қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істер жатыр.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

1 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге 2 000-нан астам жол жұмысшы мен 1 000-ға жуық арнайы техника шықты. Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.