Басты бетЖаңалықтарДоллар 458–463...

Доллар 458–463 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458–463 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,9–461,7 теңгеден сатылуда. Ал Астанада доллар 459–463 теңге аралығында құбылып тұр.

Алматыда Ресей рублі 5,01–5,21 теңге, Астанада 5,07-5,17 теңге аралығында ұсынылып жатыр.

Ұлттық банктің 1 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 458,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы –5,17 теңге.