Алматы қалалық полиция департаменті хостелдегі өрт салдарынан қаза болғандардың жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — делінген хабарламада.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, әкімдік зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдау бойынша барлық шараларды қабылдап жатыр.
Қазір құжаттарын тексеріп, қарап жатыр. Жалпы, жертөлені санитарлық талаптарға сәйкес жасақтауға болады. Бірақ осыншама көп адамды орналастыруға рұқсат бар ма, бұл сұрақтың басы ашық. Анықтаймыз, тергеу жүреді, — деді Ерболат Досаев.
Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жедел түрде уақытша баспана берді, сонымен қатар барлық эвакуацияланғандар үшін тамақтану ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасы қажет медициналық және психологиялық көмек ұсынып жатыр.
Алматы әкімі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Еске салайық, 30 қараша күні таңертең Алматыда болған өрт салдарынан 13 адам қаза болды, екеуі ауруханаға жеткізілді.
59 адам шұғыл эвакуацияланды. 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Мұндағы тұрғындардың дені — шет мемлекеттердің азаматтары.
Өртке қатысты қылмыстық іс тіркелді.