Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады.

Әлеуметтік желіде Жароков пен Сәтбаев көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, бір адамды қағып кеткені түсірілген видео пайда болды.

Алматы полициясы жол апатының 29 қарашада сағат 08.30-да Алматының Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kris P Almaty (@kris__p__almaty)

Hyundai Creta және Mercedes көліктері Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Жароков көшесіне қарай, солға бұрылатын сәтте Hyundai Mercedes-ті артынан соғады. Ал Mercedes инерциямен жаяу жүргіншіні – 1954 жылы туған әйелді қаққан. Ол ауруханалардың біріне жеткізілген, — делінген хабарламада.

Полицейлер бұл факт бойынша Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.