Геннадий Головкинмен екінші рет кездескім келеді — Дэниэл Джейкобс

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) тез арада Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) екінші жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

Олардың бірінші кездесуі 18 наурыз күні, Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Головкин жеңген еді. Бірақ Джейкобс өзінің жеңісіне сенімді болғанын айтты.

«Мен тез арада Головкинмен екінші жекпе-жек өткізгім келеді. Бірақ мен шамалы күту керек екенін білемін. Өйткені, алдағы уақытта Головкиннің жоспарлары бар. Ал менің жанкүйерлерім маған қарсылас ретінде кімді көргісі келеді?», — деп жазды боксшы өзінің твиттер парақшасында.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс командалары арасындағы жасалған келісімшартта екінші жекпе-жек деген мәселе қарастырылмаған. Дегенмен жекпе-жектен кейін Головкин америкалық боксшымен реванш өткізуге дайын екенін айтқан еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version