Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458–463 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,9–461,7 теңгеден ұсынылып жатыр. Ал Астанада доллар 458–463 теңге аралығында құбылып тұр.
Алматыда Ресей рублі 4,99–5,19 теңгеден, Астанада 5,08–5,2 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банктің 28 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 459,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге.