Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысынан кейін өткен брифиңде Астанада салынып жатқан LRT құрылысына келесі жылы қанша қаражат керек болатынын айтты.
Биыл жобаға 52 миллиард теңге бөлінді. Жыл басында осы соманы министрлік енді сұрап жатыр деген ақпарат тарады. Әңгіме ол жайлы емес. Ол сома бөлініп, іргетас қазықтарын қағуға бағытталды. Ол жұмыс 96% орындалды. Ал тіреу орнату жұмыстары 76%-ке аяқталды. Құрылымдарын бір-біріне жалғау жұмыстары, білуімше, 82% жасалды. Бұл – биыл аяқталған жұмыстар, – деді Марат Қарабаев.
Сонымен қатар ведомство басшысы келесі жылы жобаға қанша қаражат қажет болатынын айтты.
Келесі жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 45 миллиард теңге керек болады. Қазір құрылыс алаңында 1,5 мыңға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Егер жұмыс ауқымы кеңейсе, онда қосымша 150 миллиард теңгеге дейін қаражат сұраймыз. Алайда нысанды аяқтау жоспары 2025 жылға көзделген. Алғашқыда сегіз станция мен бес пойыз жұмысын бастайды, – деді министр.