Басты бетЖаңалықтарПрезидент Того...

Президент Того Республикасының басшысын Ақордада қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келетінін жазған болатынбыз.