27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде екі кенші қаза болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алды. Кеншілер алған жарақатынан қаза болды, — делінген хабарламада.
Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.