Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жеке және жұптық сындағы жаңартылған рейтиңі жарияланды.
Ерлер арасында:
Жаңартылған рейтиңде қазақстандық Денис Евсеев алғаш рет әлемдегі үздік 200 теннисшінің қатарына кірді. Өткен аптада Валенсиядағы (Испания) челленджер жарысының жартылай финалына дейін жеткен Денис Евсеев 226-дан бірден 197-ге көтерілді. Осылайша, ең үздік көрсеткішіне қол жеткізген ол Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды. Ал Александр Бублик 32-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 186-дан 188-ге сырғыды. Жұптық сында Александр Недовесов 44-орнын сақтаса, Андрей Голубев 61-ден 60-қа жоғарылады.
Әйелдер арасында:
Елена Рыбакина үздік төрттікте тұр, Юлия Путинцева 69-дан 68-ге шықты. Жұптық сында Анна Данилина 56-сатыда тұрақтаса, Е.Рыбакина 118-ден 112-ге, Жібек Құламбаева 143-тен 144-ке төмендеді.