Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459–464 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz дерегіне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459– 464 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар құны 460,5–463,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Алматыда Ресей рублі – 5,05–5,25 теңгеден, Астанада – 5,12-5,22 теңгеден ұсынылып жатыр.
Ұлттық банктің 27 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 463,09 теңге, Ресей рубліне – 5,21 теңге.